Президент Ердоғаннан Нобель әдебиет сыйлығына наразылық

Президент Ердоған «10 Желтоқсан Адам құқықтары күніне орай» хабарлама жариялады.

1320872
Президент Ердоғаннан Нобель әдебиет сыйлығына наразылық

Президент Режеп Тайып Ердоған Нобель Бейбітшілік сыйлығын нәсілшіл бір адамға берудің адам құқықтарын бұзғандарды марапаттау деген мағынаға келетінін атап көрсетті.

Президент Ердоған «10 Желтоқсан Адам құқықтары күніне орай» хабарлама жариялады.

Хабарламада жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндірген мәселелердің басында ислам дұшпандығының бірінші орында екенін айтқан Ердоған «Бұл мәселенің ең үлкен жауапкерлері ислам дұшпандығын дауыс жинау құралы ретінде пайдаланған саясат қайраткерлері мен нәсілшілдігін сөз еркіндігі маскасымен жасырғандар, жай нәрсе сияқты көрсеткісі келген медиа өкілдері және қазіргі құрылымдарымен мәселелерге шешім таба алмаған халықаралық ұйымдар» деді.

Ердоған Сириядағы миллиондаған адамның азабын 9 жылдан бері естігісі келмеген халықаралық қоғамның осы үнсіздігімен Адам құқықтары конвенциясында орын алған құндылықтарға ең үлкен соққынын енгізілгенін атап көрсетті.

Нобель Әдебиет сыйлығының нәсілшіл бір тұлғаға (австриялық жазушы Петер Хандкеге) берілуіне наразылық көрсеткен Ердоған «10 желтоқсан Адам құқықтары күнінде Нобель Әдебиет сыйлығының Босния-Герцеговинадағы қырғынды мойындамаған және соғыс қылмыскерлерін қорғайтын бір адамға беру, адам құқықтарын бұзғандарды марапаттау деген мағынаға келді» деді.

Ердоған хабарламасында Түркияның адамға негізделген мемлекеттік дәстүрінен алған шабытпен демократия және негізгі еркіндіктер саласындағы реформаларын алдағы уақытта да жалғастыратынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар