Министр Чавушоғлу Грекияға наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ливияның Афиныдағы өкілетті елшісін елден шығару шешіміне наразылық көрсетті.

Министр Чавушоғлу Грекияға наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Жерорта теңізінде жауапкершілік алаңдарының шектелуі жөніндегі Түркиямен келісімге қол қойған Ливияның Афиныдағы өкілетті елшісін шекарадан шығару шешімі қабылдаған Грекияның қорқытуларына берілмейтінін мәлімдеді.

Чавушоғлу Италияның Рим қаласында баспасөз мүшелеріне мәлімдеме жасады. Мәлімдемесінде Ливияның Грекиядағы Өкілетті елшісінің шекарадан шығарылуының қабылданбайтынын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бір елді қорқыту дұрыс па? Бұл құпия нәрсе емес. Біздің Мәжілісіміз қабылдаған бір келісімді жасыру мүмкін бе? Ливияға телефон шалып, «Сол құжатты маған жібермесең өкілетті елшіңді шекарадан шығарамын» десең Ливия мұндай бір қорқытуды қабылдамайды. Адам сияқты сұраса біз де, Ливия да берер еді» деді.



Ұқсас жаңалықтар