Ағрыда 4 террорист залалсыздандырылды

Ағрының Тутак ауданы ауылдық аймағында жасалған операцияда 4 террорист залалсыздандырылды.

Ағрыда 4 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда ішкі қауіпсіздік операциялары аясында Тутак ауданы ауылдық аймағына Қалалық Жандармерия қолбасшылығы операция жасады.

Операция барысында жандармерия және полиция жасақтары мен бір топ террорист арасында қақтығыс шықты. Шыққан қақтығыста қарулы 4 террорист өлтірілді.

Басқа жағынан Ирактың солтүстігінен қашқан бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 3 террорист тағы Силопиде қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде табанды және табысты операциялар нәтижесінде террор ұйымы PKK-дағы тарқаудың жалғасқаны білдірілді.

Мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі баспаналардан қашқан PKK-лық 3 террористтің Силопиде берілгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар