Еуроодаққа мүше 3 елдің басшылары Түркияға келуді жоспарлайды

Еуроодаққа мүше 3 елдің басшылары президент Ердоғанмен келесі айларда қайтадан бас қоспақ.

1317907
Еуроодаққа мүше 3 елдің басшылары Түркияға келуді жоспарлайды

Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель және Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ердоғанмен 2020 жылдың алғашқы айларында Түркияда қайтадан бас қосатындарын атап көрсетті.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондондағы НАТО саммитінің артынан мәлімдеме жасаған Макрон Әл-Каида және ДАИШ террор ұйымдарының дұшпан екенін атап, «Түркияның қауіпсіздігі мен террордан ең көп зардап шеккенін құрметтей отырып, одақтастық қарым-қатынастарымыз аясында ДАИШ-тің қайтадан жандандырылуы атынан Сирияның солтүстігіндегі жағдаймен байланысты келіссөздерді күшейту керек» деді.

Макрон президент Ердоған, Германия канцлері Ангела Меркель және Ұлыбритания премьер-министрімен алдынғы күні Лондонда жүзеге асқан төрттік саммитті еске салып, «Сирия, Ливия және басқа да тақырыптарда Түркиямен келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылдадық. 2020 жылдың алғашқы 3 айында Түркияда бас қосуды жоспарлаймыз» деді.

Франция президенті Түркиямен келіспеушіліктер бар екенін, дегенмен келіссөздердің жалғасу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар