"Түркия НАТО мақсаттарына сенеді"

НАТО саммиті ертең Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда болады.

"Түркия НАТО мақсаттарына сенеді"

Президенттік аппарат Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның Солтүстік Атлант келісімі ұйымы (НАТО) мақсаттары мен миссиясына сенетінін білдірді.

НАТО саммиті ертең Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда болады.

НАТО-ның 70 жылдығы  тойланатын саммитке президент Режеп Тайып Ердоған да қатысады.

Президенттік аппарат Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун саммит қарсаңында Түркияның НАТО-дағы маңызына назар аударды.  Алтун Twitter әлеуметтік желісінен жазба жариялап: «Түркия 70 жылға жуық уақыттан бері батыс үшін бас тартылмас одақтас болды және болуын жалғастыруда.  Түркия 1952 жылы НАТО-ға қосылды және одақтың қауіпсізді үшін ондаған жылдардан бері әлемде маңызды бірсыпыра жерде міндет атқарды» деді.

Алтун Түркияның әрі қырғиқабақ соғыс кезінде,  әрі одан кейін НАТО-да мықты рол ойнауын жалғастырғанын атап көрсетті.

«НАТО мақсаты мен миссиясына сенеміз» деген Алтун ортақ қауіпсіздік және болашақ тұрғысынан ұйымның міндетінің талқылануы керектігін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар