Президент Ляйенмен сөйлесті

Президент Ердоған Еуропа Одағы комиссиясының жаңа төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен телефонда сөйлесті.

Президент Ляйенмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы комиссиясының жаңа төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен телефонда сөйлесті.

Телефонда сөйлесу ниеті міндетін жаңа бастаған Ляйеннен келді.

Телефон әңгімесінде Түркияның ЕО мүшелік процесі,  Түркия мен ЕО арасындағы 18 наурыз келісімі шеңберінде Түркиядағы сириялықтарға қолдау беруі және Түркия тарапынан Сирияның солтүстігінде қалыптастырылған сенімді аймаққа босқындардың еркін және қауіпсіз түрде кері оралуы тақырыбында көзқарастар алмасылды.



Ұқсас жаңалықтар