Ердоған Албанияда 500 үй салынатынын айтты

Ердоған 6.3 балл зілзала болған және 45 кісі қаза тапқан Албанияда 500 үй салатындарын айтты.

1314955
Ердоған Албанияда 500 үй салынатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 6.3 балл зілзала болған және 45 кісі қаза тапқан Албанияда 500 үй салатындарын айтты.

Ердоған Стамбұлдағы Малтепеде Мармара университеті Режеп Тайып Ердоған кешенінің ірге тасын қалау рәсіміне қатысты.

Рәсімдегі сөзінде Албанияның Дырач қаласында болған зілзалаға тоқталған Ердоған:

"Топтық тұрғын үй басқармасы ТОКИ арқылы түрік бауырластары ретінде ол жерде 500 үйді салатын боламыз" деді.

Ердоған Түркиядан барған топтардың осы аяда ең лайықты жерде жұмысты бастайтынын білдірді.

Албанияда 26 қарашада орталғы Дырач қаласына 15 километр алыстықта болған 6.3 балл жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 45 кісіге көбейді. 



Ұқсас жаңалықтар