TRT World Citizen сыйлықтары иелеріне табыс етілді

Юсуф Ислам сыйлығын Емине Ердоғанның қолынан алды.

1314733
TRT World Citizen сыйлықтары иелеріне табыс етілді
trt world citizen.jpg
trt world citizen.jpg
trt world citizen.jpg
trt world citizen.jpg
trt world citizen.jpg

Түркия телерадио корпорациясының әлеуметтік жауапкершілік жобасы TRT World Citizen тарапынан берілген сыйлықтар иелеріне табыс етілді.

Гуманитарлық істерімен әлемге шабыт берген Юсуф Ислам «Өмір бойы табыс» сыйлығын  президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның қолынан алды.

Емине Ердоған Түркияның әлемнің ең жомарт елі екенін айтты.  

TRT Атқару комитеті төрағасы және бас директоры Ибрахим Ерен жаһандық гуманитарлық проблемалардың шешілуіне үлес қосқысы келетіндерін айтты.  TRT-нің медиадағы роліне тоқталды.

«Түркия – үлкен өзгерістің орталығындағы ел, әділ жаңа әлемнің жол көрсетушісі. TRT Түркияның медиа органы ретінде жаңа бір медиа және «тіл» қалыптасуында «балама» емес,  құрушы,  бағыт беруші және жетекші орган болуға табанды» деді ол.

Рәсімде алты категорияда сыйлықтар тапсырылды.

«Соғыстың әйелі» сыйлығын Халебтегі соғысты әлемге жариялаған Фатема Алабад алды.

Педагог сыйлығы Хавва Адем Мұхаммед, Журналист сыйлығы Ахмед бин Ретаима,  Жастар сыйлығы Рейхан Жамаловаға берілді.

Жылдың Әлем азаматы сыйлығы Ахмет Азиз Вахабзадеге берілді.

TRT World Citizen-нің беделді сыйлығына «Өмір бойы табысқа» биыл мұсылман болғаннан кейін Юсуф Ислам атын алған активист Кэт Стивенс лайықты деп табылды.



Ұқсас жаңалықтар