Министр Акар журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды

"Бейбітшілік операциясымен байланысты жұмыстар жоспарлағандай жалғасуда".

1312863
Министр Акар журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Бейбітшілік операциясымен байланысты жұмыстардың жоспарлағандай жалғасқанын білдірді.

Хулуси Акар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Бір журналисттің «Кеше Анкарада Ресейден сатып алынған ‘S-400’ әуе қорғаныс жүйесі сынақтан өткізілді ме?» деген сұрағына Акар «барлық жұмыстарымыз ашық және жоспарлы» деп жауап қайтарды.

‘S-400’ жүйесінің бір кезең екенін атап көрсеткен Акар «Бұл кезең аясында атқарылатын жұмыстар бар. Сол үшін жұмыстарымыз жоспарланғандай жалғасуда. Жаңа немесе ерекше бір жағдай жоқ. Бұл кезеңнің аяқталуы үшін барша қолдан келген талпынысты ортаға қоюда» деді.

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK және DEAŞ-ке қарсы Бейбітшілік бұлағы операциясының жалғасып жалғаспайтыны жөніндегі бір сұраққа Акар «Бейбітшілік бұлағы операциясы аясында жоспарланған жұмыстар жоспарланғандай жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар