АҚШ-тың еврей тұрғын алаңдары шешіміне Түркиядан наразылық

"Израильдің тұрғын алаңдары жұмыстары АҚШ саясатынан тәуелсіз, халықаралық құқық пен адамзаттық санаға қарама-қайшы"

1309952
АҚШ-тың еврей тұрғын алаңдары шешіміне Түркиядан наразылық

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун АҚШ-тың заңсыз еврей тұрғын алаңдары шешіміне наразылық көрсетті.

Алтун твиттерден жасаған мәлімдемесінде Түркияның екі мемлекетті шешім негізінде Израиль-Палестина бейбітшілік шешімін қолдағанда, тұрақты палестиналық тұрғындардың қасында екендерін атап, халықаралық құқықты бұзған және әділ шешімге кедергі жасаған әртүрлі шараға қарсы шығатындарын білдірді.

Фахреттин Алтун «Израильдің тұрғын алаңдары жұмыстары АҚШ саясатынан тәуелсіз, халықаралық құқық пен адамзаттық санаға қарама-қайшы. Палестиналықтарды жерлерінен шығару, халықаралық нормалардың қорқынышты түрде тапталуы. Палестина жерінің басқыншылығы ешқашан заңдастыра алмайды» деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео болса Израиль басқыншылығындағы Батыс Шерияда орын алған еврей тұрғын алаңдарын енді «заңсыз» деп қабылдамағандарын жариялаған еді.

АҚШ Мемлекеттік хатшы Дональд Трамп әкімшілігі ретінде Батыс Шерияда орын алған еврей тұрғын алаңдары тақырыбында Барак Обама кезеңіндегі саясатты өзгерткендерін атап айтты.

Помпео АҚШ-тың Батыс Шериядағы жаңалықтармен байланысты ұзақ жылдардан бері жалғастырған ұстанымының бейбітшілікке үлес қоспағанын білдірді.

Помпео 39-шы АҚШ президенті Джимми Картер әкімшілігінің 1978 жылы Израильдің азаматтық бастамаларының халықаралық құқыққа қарама-қайшы екенін алға тартқанын, дегенмен 40-шы АҚШ президенті Рональд Рейган әкімшілігінің болса осыған қарсы шыққанын еске салған еді.



Ұқсас жаңалықтар