"Келісім толықтай орындалған жоқ"
Сыртқы істер министрі АҚШ пен Ресейдің келісімді орындамағанын айтты.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттары және Ресейдің Сирияның солтүстігі үшін жасалған келісімді толықтай орындамағанын білдірді.
Чавушоғлу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жоспар және бюджет комитетінде сөйлеген сөзінде «Келісімді толықтай орындады ма? Жоқ, әлі күнге орындамады. Орындалуы керек» деді.
Министр бөлшектеуші террорлық ұйымның Сирияның солтүстігінен тазалануы жөнінде: «Нәтиже ала алмасақ, АҚШ-пен сынап көргеннен кейін операцияны бастағанымыздай, қажетті нәрсені атқарамыз» деді.
Ол Түркияның Америка Құрама Штаттары және Ресей арасында қыстырылып қалған бір ел еместігін атап көрсетіп: «Біз дайындаған мәтіндер арқылы талқылап, келісім жасалды. Немесе ортақ мәлімдеме жарияланды. Нәтижеде біз екі елмен де бес күнде келісімге келдік. Ал қазір келісімді орындады ма? Жоқ, толықтай орындамады, орындалуы керек. Біз жауапкершілігімізді орындадық, бұдан былай не қажет болса соны атқарамыз. Басқа амал жоқ. Қасымыздағы террорды тазалауымыз керек» деді.
Сыртқы істер министрі айырықша ДАИШ басшысы Бағдадиге байланысты «Бағдадиге жақын Итхави деген бір тұлға бар, оны ұстап, Иракқа бердік. Бағдадидің орнын сол кісі көрсетіп берді» деді.