Түркия Кипр Понти әкімшілігіне қатаң наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрлігі Кипр түріктеріне қолдауымызды қайталады.

1307963
Түркия Кипр Понти әкімшілігіне қатаң наразылық көрсетті

Түркия Кипр Понти әкімшілігіне қатаң наразылық көрсетті..

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Солтүстік Кипр Түрік Республикасы құрылғандығының 36-шы жылдығына орай Кипр Понти тарапында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы байрағының түсірілуі айыпталғаны және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы ұйымдарының тақырыпқа байланысты мәлімдемелеріне толық қолдау берілгені білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Кипр Понти лауазымдыларының осындай өшпенділік әрекетін айыптаған ешқандай мәлімдеме жасамауы және айыпкерлердің тергелмеуі бұл әрекетке ресми қолдау берілгені мағынасына келеді. Аталмыш оқиғада Кипрдегі түріктерге деген өшпенділікті асқындыратын мәлімдемелер жасаған Кипр Понти әкімшілігінің, сонымен бірге Грек ұйымдарының да жауапкерлігі бар екеніне сенеміз" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде халықаралық ұйымдарға да шақыру тасталып:

"Осындай шарттарда халықаралық қоғамнан Кипр Понти тарапы мен Грекияны Біліккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының соңғы рапортында меңзегеніндей, Аралдағы дағдарысты ушықтыратын сөз бен әрекеттерден аулақ болуға шақыруларын күтеміз" деп баса дәріптелді.



Ұқсас жаңалықтар