Кемпірді құрметтеген түрік әскерінің фотосуреті твитерде назар аударды

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің фотосуретін көптеген твиттер қолданушысы ұнатты.

1305742
Кемпірді құрметтеген түрік әскерінің фотосуреті твитерде назар аударды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK және ДАИШ-ке қарсы жүргізілген Бейбітшілік бұлағы операциясы аясында Расулайндағы түрік әскерінің бір  кемпірдің қолынан сүйген фотосуретін бөлісті.

Министрлік ресми твиттер парақшасынан жарияланған және түрік әскерінің кемпірге деген құрметін көрсеткен бұл фотосуретке қоса, Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік армиясының батыр әскерлері үшін айтқан «Әлемнің ешбір армиясында сендей жүрегі таза, одан мықты бір әскер кездеспейді» деген сөздеріне орын берілген.

Көптеген твиттер қолданушысының бұл фотосуретті ұнатқаны байқалды.



Ұқсас жаңалықтар