Президент Венгрияға аттанып кетті

Президент Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңестің жиналысына қатысады.

Президент Венгрияға аттанып кетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Венгрия Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші жиналысы үшін Венгрияға аттанып кетті.

Ердоған Стамбулда баспасөз брифингін бергеннен кейін Венгрияға ұшты.

Президент Ердоғанды вице-президент Фуат Октай мен Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу шығарып салды.

Ердоғанмен бірге жұбайы Емине Ердоған, Отбасы, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрі Зехра Зүмрүт Селчук, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қатынас және Инфрақұрылым министрі Джахит Турхан, Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк,  Сауда министрі Рухсар Пекджан,  Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Венгрияға аттанып кетті.



Ұқсас жаңалықтар