Ердоған Трамппен сөйлесті

Телефон әңгімесінде екі жақты мәселелер талқыланды.

1301657
Ердоған Трамппен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамппен сөйлесті.

Телефон әңгімесінде екі жақты мәселелер талқыланды.

Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда,  екі лидер АҚШ президенті Трамптың шақыруымен 13 қараша күні Вашингтонда кездесетіндерін бекітті.

Ердоған Twitter есебінен АҚШ президенті Трамппен әңгімесіне байланысты жазба жариялады. Ердоған былай деді: «Телефондағы әңгіме тиімді өтті.  Әңгімеде терроризммен күрес және елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық мақсаттар секілді бірсыпыра тақырыптарды қолға алдық. 13 қараша күні АҚШ-тағы кездесумен бірге бүгінгі телефон әңгімесінің екі жақты қатынастар және аймақтық проблемаларға жақсы әсер ететініне сенемін»

Трамп та Twitter есебінен жариялаған жазбасында «Ердоған маған террорист Әбубәкір әл-Бағдадидің жұбайы және қарындасы секілді көптеген ДАИШ мүшесінің ұсталғанын айтты» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар