11 миллион көшет отырғызылады

Президент 11 қараша күнін Ағаш отырғызу күні деп жариялады.

11 миллион көшет отырғызылады

Президент Режеп Тайып Ердоған жыл сайын 11 қараша күнінің «Ұлттық ағаш отырғызу күні» ретінде тойланатынын хабарлады.

Ердоған «11 қараша Ағаштандыру акциясына» орай шешім жариялап, Түркияның 78 миллион гектарлық алағымен экологиялық тұрғыдан бай түрлілікке ие ел екенін білдірді. Осы байлық ішінде ормандардың маңызды орын алғанына назар аударған президент ел көлемінде бірдей уақытта көшет отырғызу акциясы ұйымдастырылатынын білдірді.

Осы акцияға байланысты мәліметтердің Егіншілік және орман министрлігінің интернет парақшасында орын алғанын білдірген Ердоған: «81 уәлаятта 2023 жерде 3 сағат ішінде 11 миллион көшет отырғызып, әлемдік рекорд жаңалауға тырысамыз. Осы акцияға азаматтарымыздың толық қолдау беретініне сенемін» деді.

Президент 11 қараша күнінің де Ұлттық Ағаш отырғызу күні ретінде жарияланғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар