Түркия Кипрде біреудің зақым көруіне жол бермейді

Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан келген жастарды қабылдады.

fuat oktay kktc'li gencler.jpg

Вице-президент Фуат Октай Түркияның Кипрде біреудің зақым көруіне еш жол бермейтінін айтты.

Октай Президенттік аппаратында Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан келген жастарды қабылдады.  Ол жастардың Кипр мен Түркия арасында болашаққа мықты көпір болатынын білдірді.

Октай жастардың әрі Түркияда,  әрі Солтүстік Кипр Түрік Республикасында проблемалардың шешілуі үшін саясатта рол алуының маңызды екенін айтты. «Өз болашағыңызға байланысты тізгінді қолдан бермеу керек» деді ол.

Фуат Октай Кипрде шешім үшін екі жақтың саяси теңдігінің шарт екенін атап көрсетті. Ол азшыл халық принцибіне орай бейбітшілік орнатудың мүмкін еместігін айтып, аймақтағы көмірсутек резервтерінің болмысына да тоқталды. «Аралда екі халық тұрып жатқан болса,  резервтерді әділ бөлісу керек.  Екі жаққа тең бөлу керек» деді ол.

Кипрде кезкелген бір азаматқа зақым тиюіне Түркияның еш жол бермейтінін атап көрсеткен Октай: «Кім не десе десін,  не істесе, істесін. Түркияның мықты болуы Кипрдің мықты болуы деген мағынаға келеді. Жастардың сенімінің мықты және басының тік болуы біз үшін маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар