Қорғаныс министрлігінен арнайы бейнетаспа

Министр Ататүріктің мәңгілік мекені Анытқабір мавзолейі жөніндегі бейнетаспаны Twitter желісінде жариялады.

Қорғаныс министрлігінен арнайы бейнетаспа

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Түркия Республикасының құрушысы және түрік ұлтының лидері Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болуына 81 жыл толуына орай бейнетаспа дайындады.

Министр Ататүріктің мәңгілік мекені Анытқабір мавзолейі жөніндегі бейнетаспаны Twitter желісінде жариялады.

Бейнетаспада мавзолейге келушілер қолданатын, сондай-ақ ресми рәсімдердің бастайтын жері-Арыстанды жолдың көрінісіне орын беріле отырып: «Ұзындығы 262 метр Арыстанды жолдың басында Ататүріктің артында түрік ұлтының басына төнген үлкен қайғыны бейнелейтін үш әйел мен үш ер адам мүсіні орналасқан. Жолдың екі жағында Ататүріктің түрік және Анадолы тарихына көңіл бөлгеніне орай Анадолы жерінде ірі мемлекет құрған хеттердің арыстан стиліне сай отырған қалпында 24 арыстан мүсіні орын алған. Түрік мифологиясында күш-құдіретті бейнелейтін арыстандар мүсінде байсалды қалпында сомдалған. Бұл түрік ұлтының Отанына, байрағына және тәуелсіздігіне қол сұғылмайынша бейбітшілікті қолдайтынын көрсетеді» деп айтылды.

Бейнетаспада сонымен бірге «Жолдың екі шетінде Вирджиния арша ағашы отырғызылған. Қысы-жазы жасыл болып тұратын Вирджиния аршасының отырғызылу себебі болса ағаштар қаланың көрінісін жасырып,  келушілерді Ататүріктің қабірін зиярат етуге дайындайды» деп айтылған.

Ататүріктің денесі мәңгі мекеніне түрік әскерінің иығында 1953 жылдың 10 қараша күні жеткізілген. Бейнетаспада айырықша ұлы көсемнің «Түрік – тұтқындықты қабылдамайтын ұлт. Түрік ұлты ешқашан тұтқын болмаған» деген сөзіне орын берілген.



Ұқсас жаңалықтар