Ердоған: Әбубекір Әл-Бағдадидің жұбайы ұсталды

Террор ұйымы ДАИШ-тің басшысы Әбубекір әл-Бағдадидің жұбайы ұсталды.

1301427
Ердоған: Әбубекір Әл-Бағдадидің жұбайы ұсталды

Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымы ДАИШ-тің өлтірілген басшысы Әбубекір әл-Бағдадидің жұбайының да ұсталғанын жариялады.

Бас қала Анкарадағы Бештепе Миллет Конгресс және Мәдениет Орталығында Анкара Университеті Дінтану факультетінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімге қатысқан президент осында айтқан сөзінде АҚШ-тың Сирияда жасаған операцияда Бағдадидің өзін туннельде жарып жібергенін еске салып, «Біз де жұбайын ұстадық. Дегенмен айқай-шу жасаған жоқпыз. Алғаш рет қазір жариялап отырмын. Сондай-ақ әпкесі мен күйеуіне қоса олардың балаларын Сирияда ұсталды. Біз осы тұрғыдан жұмыстарымызды ең мықты түрде жалғастырудамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар