Түрік және орыс әскерлері екінші ортақ күзет қызметін орындады

Түрік және орыс әскерлері Сирияда Евфрат өзенінің шығысында екінші ортақ құрлық күзет қызметін атқарды.

1300655
Түрік және орыс әскерлері екінші ортақ күзет қызметін орындады

Сочи келіссөздері аясында түрік және орыс әскерлері Сирияда Евфрат өзенінің шығысында екінші ортақ құрлық күзет қызметін атқарды.

Шанлыурфаның Суруч ауданының шығысындағы бір бекеттен 4 көліктен тұратын Түрік Қарулы күштері сауытты көліктері ортақ құрлық күзетіне қатысу үшін шекарадан өтіп орыс әскери керуенімен бас қосты.

Түрік Қарулы күштерінің Айн Әл-Арабтың шығысы мен Телль-Абядтың батысы арасындағы аймақта құрлық күзету қызметі жүзеге асырғаны атап көрсетілді.

Сочи келіссөздері аясында Түрік-орыс ортақ күзет қызметі 1 қараша жұма күні Расулайнның 40 шақырым шығысы мен Камышлының 30 шақырым батысы арасында орындалған еді.



Ұқсас жаңалықтар