Фахреттин Алтун Еуроодақ елдерін сынға алды

«Террорист бір басшының одақтастарымыз тарапынан танылуы ынтымақтастығымызға зиян келтіреді».

1296463
Фахреттин Алтун Еуроодақ елдерін сынға алды

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун террорист бір басшының одақтас елдер тарапынан танылуының ынтымақтастықтар тұрғысынан ауыр зиян келтіретінін атап көрсетті.

Алтун әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK басшыларын елде күтетіндері жөніндегі жаңалықпен байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Террорист бір басшының одақтастарымыз тарапынан танылуының ынтымақтастығымызға зиян келтіретінін қайталаймыз» деген Алтун «Осы жағдай ұлттық және халықаралық құқықты бұзу деген сөз. Стратегиялық ортақтық пен одақтастық рухына қарама-қайшы. Аймағымызда болжаусыз саясаттар ұзақ мерзімді мәселелерге жол ашады. Барлық әлемді тұрақсыздандыратын және халықаралық қауіпсіздікке қарсы рисктер артады. АҚШ мекемелері террор басшыларына кезкелген виза бермеумен шектелмей, оларды одақтастарымен бірге бізге өткізу үшін ынтымақтасу керек» делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар