Президент батыс елдерін сынады

Ердоған TRT World Forum 2019-ға қатысты.

1291794
Президент батыс елдерін сынады

Президент Режеп Тайып Ердоған терроризммен бірге қозғалған батыс елдеріне «Сіз терроризмге қарсы едіңіздер ғой, қашаннан бері террормен бірге қозғала бастадыңыздар?» деді.

Ердоған Стамбул Конгресс орталығында «Жаһанданудың дағдарысы: Рисктер мен мүмкіндіктер» деген тақырыппен Түркия Телерадио корпорациясы тарапынан ұйымдастырылған TRT World Forum 2019-ға қатысты.

Демократия және әділетті орнатудың әлемдегі түрліліктерге бас қостырып,  еркін талас атмосферасын қалыптастыру арқылу жүзеге асатынын атап көрсетіп: «Бұдан бұрын қатысамыз деп білдірсе де, Бейбітшілік бұлағы операциясын сылтауратып,  бағдарламаға келмегендер демократияны сіңдіре алмады және террорлық ұйымдарға қолдау береді деп ойлаймын» деді.

Президент Ердоған шекарасын тер және қанмен емес, үстел үстінде сызғышпен сызып қалыптастырған елдердің ешқашан шын мемлекет бола алмайтынын айтты. Түркияның ешбір елдің территориясына,  ешбір қоғамның еркіндігіне немесе мүдделеріне көз тікпейтінін білдірген Ердоған: «Барлығы Сирияда,  Иракта,  Ауғанстанда,  Ливияда,  Африкада,  Балқанда басқа ниеттермен жүр. Түркия болса тек бауырларымен тағдыр ортақтығымен қозғалады. Бұл «бір тамшы мұнайды бір тамшы қаннан қымбат деп есептейтіндер» еш түсінбейтін бір парасат» деді.

Ешкімді бөле жармай,  залымды залым деп, террористті террорист деп,  әділетсіздік әділетсіздік деп атауды жалғастыратындарын білдірген Ердоған: «Түркия ретінде ешқашан бір террорлық ұйыммен үстелге отырмадық,  отырмаймыз және ешқашан отырмаймыз» деді.

Президент дипломатияны тек мықтылардың қысым құралы ретінде қолдануды жалғастырудың мүмкін еместігін айтты.  «Солтүстік Сирияға егер 30 мың фуга Ирак арқылы қару,  оқ-дәрі,  құрал-сайман тасыса, «мен бұл әлемнің мықтысымын» деп айтатындар мұны қалай түсіндіреді, мұны қай демократия түсінігімен түсіндіреді? деді ол.

Ердоған: «Батыс елдері террористтердің жанында орын алды.  Барлығы бірге бізге шабуылдады.  НАТО елдерін де қосқанда Еуропа Одағына мүше елдердің барлығы.  Сіз терроризмге қарсы едіңіздер ғой, қашаннан бері террормен бірге қозғала бастадыңыздар?» деді.



Ұқсас жаңалықтар