"Уәде орындалмаса, операция жалғасады"

Президент Ердоған Стамбулда Долмабахче кеңсесінде шетелдік баспасөз өкілдерімен бас қосты.

1290520
"Уәде орындалмаса,  операция жалғасады"

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары 120 сағаттан кейін уәдесін орындамаса,  тоқтатылған Бейбітшілік бұлағы операциясының қалған жерден жалғасатынын айтты.

Президент Ердоған Стамбулда Долмабахче кеңсесінде шетелдік баспасөз өкілдерімен бас қосты.

Сирияның солтүстігінде қалыптастырылатын сенімді аймаққа 1-2 миллион сириялық босқынның кері оралуының жоспарланғанын атап көрсеткен Ердоған: «Қазір еліміздегі 3,6 миллион сириялықтың 350 мыңы террорлық ұйым PKK/YPG басып алған жерлерден келген күрдтерден тұрады» деді.

Қысқа уақытта бірнеше нүктеден 30 км ілгерілеген соң Америка Құрама Штаттары мен Еуропа секілді кейбір елдердің ұстанымдарының өзгергенін білдірді.  Ердоған: «Менің ойымша,  алғашқы 1-2 күн Түркияның табысқа жете алатынына сенбеген соң наразылықтары төмен болды.  Түркияның операцияны табыспен аяқтайтынын түсінген соң реакциялар арта бастады» деді.

Президент Ердоған Түркияның барлық жағынан әлемде көп кездесе бермейтін,  мұқият бір операция жүргізгенін атап көрсетті.

«Түрік Қарулы күштері аймақтан кетпейді,  себебі сол жердегі қауіпсіздік осыны қажет етеді» деді ол.

Президент: «30 қазан күні Женевада бас қосатын Атазаң комитетінің Сириядағы саяси шешім үрдісінің бетбұрысы болуын тілеймін» деді.

«Бейбітшілік бұлағы операциясын да мәжбүр болғандықтан жүзеге асырдық. Террорлық ұйым PKK/YPG жөніндегі ескертулерімізге құлақ асқанда,  қазір осындай проблемамен айналыспас едік» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар