Ердоған Дональд Трамппен телефонда әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесті.

1290702
Ердоған Дональд Трамппен телефонда әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесті.

Президент Ердоған әлеуметтік ақпарат парақшасы Твиттер желісінен Трамппен телефонда сөйлескенін хабарлады. 

Ердоған телефондағы әңгімеде екі жақтылы мәселелермен қоса Түркия-Сирия шекарасында құрылуы жоспарланған қауіпсіз аймаққа байланысты көзқарас алмастырғандарын білдірді.

Президент Ердоған текті және іргесі мығым Түрік-Американ елдері қарым-қатынастарын бекемдеу мақсатымен өзара басылған қадамдарға разы болғанын Трамппен бөліскенін атап көрсетті.

Президент Ердоған мәлімдемесінде мыналарды да жазды:

"Сирияның солтүстігінде құрылуы жоспарланған қауіпсіз аймақты қамтыған аймағымыздың тыныштық, байлық және тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін ортақ талпыныстарымыздың жалғасуын үміт етемін."



Ұқсас жаңалықтар