«Нысанамызға жеткенше тоқтамаймыз»

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Бейбітшілік бұлағы операциясын бағалады.

1287569
«Нысанамызға жеткенше тоқтамаймыз»

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Бейбітшілік бұлағы операциясымен байланысты «Нысанамызға жеткенше тоқтамаймыз» деді.

Калын Твиттер арқылы мәлімдемесінде «Мосул, Ракка және Дейр-уз Зор жермен-жексен қылынған және мыңдаған адам қырылған кезде үні шықпағандар Бейбітшілік бұлағы операциясының табысы алдында үрейленіп, «операцияны тоқтатыңдар» деген шақырулар тастайды. Түркияны санкциялармен қорқытады. Нысанамызға жеткенше тоқтамаймыз» деді.

Түркияның оңтүстік шекарасында террорлық мемлекет құру жоспарын жойып, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық әкелу мақсатты Түрік Қарулы күштері тарапынан Сирияның солтүстігінде YPG/PKK және ДАИШ террор ұйымдарына қарсы басталған және Сирия Ұлттық армиясы әскерлері тарапынан қолдау берілген Бейбітшілік бұлағы операциясы 6-шы күнінде табысты түрде жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар