Террористтер Шанлыурфа мен Мардинге шабуылдады

Шабуылда жарақат алған 9 адам ауруханаларда ем қабылдауда.

1285816
Террористтер Шанлыурфа мен Мардинге шабуылдады

Сирияда YPG/PKK-лық террористтер тарапынан басқыншылық астындағы аймақтардан лақтырылған пулемет оқтарынан 9 адам жарақат алды.

Шанлыуфра қаласының Акчакале, Биреджик және Джейланпынар аудандары мен Мардиннің Нусайбин ауданына террор ұйымы шабуылдады, жарылыстарда 9 адам жарақат алды.

Түркияның оңтүстік шекарасында террорлық мемлекет құрудың алдын алу, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату мақсатымен Түрік Қарулы күштерінің Сирия Ұлттық армиясымен YPG/PKK және ДАИШ террор ұйымдарына бағыттап бастаған Бейбітшілік бұлағы операциясы жалғасуда.

YPG/PKK-лық террористтер басып алған аймақтардан операция басталған кезден (жергілікті уақытпен сағат 16.00-дан) бері лақтырылған пулемет және зымыран оқтары Шанлыурфаның Акчакале, Биреджик және Джейланпынар аудандарымен Мардиннің Нусайбин ауданындағы кейбір алаңдарға құлады.

Зымыран және пулемет оқтары құлаған Нусайбинде 5, Джейланпынарда 2 бала, Биреджикте болса, бірі бала екі адам, барлығы 9 адам ауруханада ем қабылдауда.

YPG/PKK-лық террористердің шабуылдарының артынан террорлық топтар қоныстанған аймақтарға гаубицалармен тойтарыс берілді.



Ұқсас жаңалықтар