Операция басталды

Ердоған хабарлады.

1284922
Операция басталды

Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігінде PKK/YPG және ДАИШ террорлық ұйымдарына қарсы «Бейбітшілік бұлағы» операциясын бастады.

Операцияның басталғанын президент Режеп Тайып Ердоған хабарлады.

Ердоған жазбасында: «Түрік Қарулы күштеріміз Сирия Ұлттық армиясымен бірге Сирияның солтүстігінде PKK/YPG және ДАИШ террорлық ұйымдарына қарсы «Бейбітшілік бұлағы» операциясын бастады» деп жазды.

Ердоған мақсаттың Түркияның оңтүстігіндегі шекарасында қалыптастырылуға тырысылған террор дәлізін жойып, аймаққа бейбітшілік пен тыныштық орнату екенін атап көрсетті.

«Бейбітшілік бұлағы операциясы арқылы елімізге бағытталған терроризм қаупін жоямыз» деді ол.

Операция нәтижесінде қалыптастырылатын сенімді аймаққа Сириялық босқындардың қоныстандырылатынын айтты. Ол «Бейбітшілік бұлағы операциясы арқылы Сирияның территория тұтастығын қорғап, аймақ халқын терроризмнен құтқарамыз» деді.


Этикеттер: #Ердоған , #операция

Ұқсас жаңалықтар