Кейбір елдерге және халықаралық ұйымдарға мәлімет берілді

Джейланпынар ауданына екі снаряд келіп құлады.

1284997
Кейбір елдерге және халықаралық ұйымдарға мәлімет берілді

Түркияның Джейланпынар ауданының қарсы жағындағы Сириядағы Ресулайнның кейбір аймақтарынан тұман көтерілуде.

Сирия шекарасында әскери ұшақтарының ұшқаны көрінді.

Осы арада Ресулайнда террорлық ұйым YPG/PKK басқыншылығы астындағы бір аймақтан Джейланпынар ауданына екі снаряд келіп құлады.

Шабуылда ешкім зиян шекпеді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі де интернет парақшасында «Бейбітшілік бұлағы» операциясы басталғанын білдірді және хабарламада былай делінді:

«Шекарамыздың қауіпсіздігін қамдау, шекарамыздың оңтүстігінде бір террор дәлізінің қалыптасуының алдын алу,  ДАИШ және PKK/KCK/PYD-YPG секілді қауіп төндірген террорлық ұйымдар мен террористтерді жою, ел-жұртынан айрылған сириялықтардың елдеріне оралуы үшін ыңғайлы шарттарды қамтамасыз ету мақсатымен Бейбітшілік бұлағы операциясы сағат 16.00-де басталды»

Министрлік АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және НАТО мен БҰҰ Бас хатшылығына сағат 14.00-де операцияға байланысты мәлімет берілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар