Трамптан Түркия жөнінде жазба

"Түркияның дұшпанымен ынтымақтастық" деді.

Трамптан Түркия жөнінде жазба

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обама кезінде АҚШ-тың Сириядағы күрдтермен емес,  PKK-мен ынтымақтастық жасағаны жөнінде жазба жариялады.

Трамп әлеуметтік желіде Hudson Институты Таяу Шығыс мамандарының бірі Майкл Дориоанның Америка Құрама Штаттарының Сирия шешіміне қолдау берген жазбаларына орын берді.

Президент Трамп Дорианның «Обама кезінде күрдтермен емес,  одақтасымыз Түркия Республикасының дұшпаны PKK-мен ынтымақтастық жасадық. Осы саясатпен Түрік-PKK соғысының тұқымын егіп,  сонымен бірге Түркияны Ресейдің құшағына салып бердік» деген сөздерін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар