Операция жөнінде хабарлама

Сирияда жүргізілетін операция үшін дайындық аяқталды.

1283533
Операция жөнінде хабарлама
tsk asker.jpg

Сирияда Евфрат өзенінің шығысына Түркия ұйымдастырылатын операция үшін барлық дайындықтың аяқталғаны білдірілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасында: «Аймағымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына үлес қосып, сириялықтардың сенімді атмосфераға қауышуы үшін сенімді аймақ/бейбітшілік дәлізі құрылуы шарт» деп айтылды.

Хабарламада Түрік Қарулы күштерінің Түркия шекарасында террор дәлізі қалыптастырылуына ешқашан рұқсат бермейтіні  атап көрсетіліп,  операция үшін барлық дайындықтың аяқталғаны хабарланды.

«Түрік Қарулы күштері отанымыздың тұтастығына,  мемлекетіміздің болашағына,  82 миллион азаматымыздың қауіпсіздігіне бағытталған қауіп төндіретін барлық террорлық ұйымдарға қарсы ұлтымыздан алатын күшпен күресуге дайын» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар