Террормен күрес аясында 6 террорист залалсыздандырылды

Сиирттің Первари және Мардиннің Артуклу ауданларында террористтерге қарсы операция жасалды.

1278535
Террормен күрес аясында 6 террорист залалсыздандырылды

Сиирттің Первари ауылдық аймағында Жандармерия арнайы жасақтарының операциясында 5 террорист Мардинде ұйымдастырылған операцияларда болса бір террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Первари ауданы ауылдық аймағында Қалалық Жандармерия қолбасшылығының барлау жұмыстары нәтижесінде әуеден операция жасалды.

Операцияда 5 террорист залалсыздандырылды.

Ел көлеміндегі операциялар барысында Мардиннің Артуклу ауданында қауіпсіздік күштері террористердің ізіне түсті.

Операцияда «Roger» лақапты Фырат Шимди атты бір террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Евфрат Қалқаны операция аймағы мен Килистің батыс аймағында түрік әуе кеңістігін 6 рет бұзып кірген ұлты мен моделі анықтала алмаған ұшқышсыз әуе көлігінің (дрон) 2 F-16 соғыс ұшағы тарапынан жойылғаны атап көрсетілді.

Министрлік жасаған мәлімдемеде 28 қыркүйек күні ұлты мен моделі анықталмаған ұшқышсыз бір әуе көлігінің түрік әуе кеңістігін 6 рет бұзғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар