Пәкістан теңіз күштері қолбасшысы Түркияда
Министр Хулуси Акар Пәкістан Теңіз күштері қолбасшысын қабылдады.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Пәкістан Теңіз күштері қолбасшысы адмирал Зафар Махмоод Аббасиді қабылдады.
Министр Акар кеше президент Режеп Тайып Ердоған қатысқан «MİLGEM» ұлттық соғыс кемесі жобасы аясында өндірілген төртінші корвет «TCG Kınalıada»-ны Теңіз күштері қолбасшылығына тапсыру рәсімі мен Пәкістан «MİLGEM Корвет жобасы» аясында алғашқы темірін пісіру рәсімінің артынан «TCG Kınalıada» атты корветті аралады.
Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер және Теңіз күштері қолбасшысы адмирал Аднан Өзбалмен бірге кеме туралы брифингке қатысты. Министр кейін Пәкістан Теңіз Күштері қолбасшысы адмирал Аббасиді қабылдады.
«TCG Kınalıada» кемесіндегі келіссөздерде аймақтық тақырыптарға қоса екі ел арасындағы әскери қорғаныс және ынтымақтастық саласындағы тақырыптардың қолға алынғаны атап көрсетілді.