Ердоған «Тұрақты даму мақсаттары» тақырыпты лидерлер саммитіне қатысты

Президент басшыларға Сириядағы процес және БҰҰ Технодогия Банкі тақырыбында баяндады.

1276093
Ердоған «Тұрақты даму мақсаттары» тақырыпты лидерлер саммитіне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Евфраттың шығысын террордан тазалауға дайындалғанын атап көрсетті.

БҰҰ Бас ассамблеясының 74- сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркқа барған президент Ердоған БҰҰ-дағы бағдарламасы аясында «Тұрақты даму мақсаттары» тақырыпты лидерлер саммитінде баяндама жасады.

Ердоған бүгін әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан көптеген мәселенің негізінде материалды мүмкіншіліктердің кемшілігі емес, мархабат және эмпатия тапшылығы бар екеніне назар аударды.

Түркияның әлемнің ең көп босқынын асыраған ел екенін еске салған Ердоған 3,6 миллионы Түркияның шекаралары ішінде өмір сүрген босқындар үшін 40 миллиард доллар қаржы жұмсалғанын атап көрсетті.

Сирияда террордан тазаланған аймақтарда мектептерді, ауруханаларды, инфрақұрылымды және қаланы қайтадан қалпына келтіргендерін жеткізген Ердоған «Қазір бірдей мақсатпен Евфраттың шығысын террор ұйымдарынан тазалауға дайындалудамыз. Әрі еліміздегі сириялықтарды, әрі қауіпсіз аймаққа қоныстанатын бауырларымызды тұрақты бейбіт орта қамтамасыз етілген соң Сирияның қайта қалпына келтіру процесіне үлес қосатындай дайындауды нысанаға алып отырмыз. Сізден Түркияның барлық адамзат үшін жалғастырған бұл талпынысына қолдау беруіңізді сұраймыз» деді.

Түркия қонақжайлық жасаған БҰҰ Технология Банкінің қазірге дейін іске асырған алғашқы тұрақты өркендеу нысанасы екенін тілге тиек еткен Ердоған «Еліміз қазірге дейін банкке құюды уәде еткен 10 миллион долларға қосымша ретінде тағы 1 миллион долларлық үлес қосуға шешім қабылдады. Осы талпынысқа халықаралық қоғам одан көп ие шығып, қолдау көрсету керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар