Президент Ердоған АҚШ-та

Президент Ердоған Біріккен БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барды.

1274069
Президент Ердоған АҚШ-та

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барды.

Президент Ердоғанды «JFK» әуежайында Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Түркияның БҰҰ Тұрақты мүшесі өкілетті елші Феридун Синирлиоғлу, Түркияның Вашингтондағы өкілетті елшісі Сердар Кылыч және кейбір лауазымдылар қарсы алды.

Президент және жұбайы Эмине Ердоғанға қоса Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум, Сауда министрі Рухсар Пекджан, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Калын  да АҚШ-қа барды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанды Нью-Йоркте қонатын мейманханаға келгенде түрік азаматтары қарсы алды.

Ердоған болса мейманхананың алдында көліктен түсіп, түрік азаматтарына қарай жүріп азаматтармен амандасты.



Ұқсас жаңалықтар