Ердоған «TEKNOFEST»-ке қатысты

Президент Ердоған "TEKNOFEST Istanbul"-да халыққа үн қатты.

1273871
Ердоған «TEKNOFEST»-ке қатысты

Президент Реджеп Тайып Ердоған твиттерден хабарлама жасады. Ердоған «TEKNOFEST»-тің жастардан бастап ұлттың технология саласында өте шектеулі мүмкіншіліктермен не істеуге болатынын көрсеткен бір платформа екенін атап көрсетті.

Президент Ердоған Түркияның ең үлкен технологиялық іс-шарасы «TEKNOFEST» Стамбул авиация, ғарыш және технология фестиваліне (TEKNOFEST Istanbul) қатысты әлеуметтік медиа арқылы хабарлама жасады.

Түркияда 17 жыл бойынша ғылым мен технология салаларында инфрақұрылымдық инвестициялар арқылы мықты бір экожүйені қалыптастырғандарын атап көрсеткен Ердоған «Технологиялық өзгеріс кезеңінде жаңа технологиялардың нарығы емес, өндірушісі болғымыз келеді. Осы үшін қосымша құндылық өндірісі басшылығында жаһандық бәсекелестік күшімізді арттыратын, экономикалық және технологиялық тәуелсздігімізді күшейтетін маңызды бастамаларды қамтамасыз етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар