Президент Ердоған АҚШ-қа аттанды

Президент Ердоған Нью-Йоркта ұйымдастырылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы жиналыстарына қатысу мақсатымен АҚШ-қа аттанды.

1273779
Президент Ердоған АҚШ-қа аттанды

 

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласына ұйымдастырылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы 74-ші кезекті Жалпы Кеңесінің жиналыстарына қатысу м ақсатымен Америка Құрама Штаттарына аттанды.

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттарына аттанар алдында Стамбұл Ататүрік әуежайындағы Мемлекеттік қонақ үйде баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Артынан жергілікті уақытбойынша сағат 14-тен 15 минут өткенде Нью-Йоркке аттанып кетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине Ердоған, Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Қоршаған орта және Қала министрі Мұрат Кұрұм, Сауда министрі Рұхсар Пекжан, Коммуникация министрі Фахреттин Алтұн және Президенттік сарайдың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да президентпен бірге АҚШ-қа аттанды.

 



Ұқсас жаңалықтар