Ауғанстанға көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдеме жариялады.

1271081
Ауғанстанға көңіл айтты

Түркия Ауғанстанның Чарикар қаласында болған шабуылды айыптап, Ауған үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Ауғанстанның Чарикар қаласында  президент Ашраф Ғанидің сайлау митингінде болған  бомбалы шабуыл нәтижесінде көптеген адамның қаза болуына және жарақат алуына қатты қайғырғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде

«Біз Ауғанстандағы демократиялық процеске жасалған лаңкестік әрекетті айыптап, шабуылда қаза тапқандарға Алланың мейірімін тілейміз. Дос Ауғанстан үкіметіне, оның ішінде президент Ғаниге және бауырлас ауған халқына көңіл айтамыз» деп айтылды.

Ауғанстан президенті қатысқан сайлау митингінде жасалған жанкештілік шабуылда 24 адам қаза тауып, 31-і жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар