Ердоған сенімді аймақ жайлы мәлімдеме жасады

Ердоған «Біздің талабымыз сенімді аймақ жұмыстарында қасымызда болу» деді.

Ердоған сенімді аймақ жайлы мәлімдеме жасады

Ердоған сенімді аймақ жайлы мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары   Сауда министрі Вилбур Россті қабылдады. Ердоған бұл жерде сенімді аймақ туралы мәлімдеме жасады. АҚШ-тан күткендерін «Біздің талабымыз сенімді аймақ жұмыстарында қасымызда болу» деген сөздер арқылы түсіндірді.

Президент Ердоған сириялық босқындардың қайтуларына ең үлкен кедергі террор ұйымы PKK және оның тармағы YPG сияқты террор ұйымдары екенін айтты. Президент «АҚШ-тың террорист топтарға көлік, қару-жарақ және әскери жабдықтар жіберуі бізді мазасыз етуде» деді.

Ердоған осы мәлімдемелерді жасаған кезде Америка Құрама Штаттарынан екі қолбасшы Анкарада кездесу өткізуде еді.

Америка Құрама Штаттарының Еуропа күштері қолбасшысының орынбасары, генерал Стефен Твити мен АҚШ Орталық басқару қолбасшысының орынбасары Томас Бергесон Сирияда құрылатын «Сенімді аймақ» үшін Бас штаб басқармасында кездесу өткізді.

 



Ұқсас жаңалықтар