Президент Ердоған АҚШ делегациясын қабылдады

Президент АҚШ Сауда министрі Вилбур Росс басшылығындағы делегацияны президенттік сарайда қабылдады.

Президент Ердоған АҚШ делегациясын қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың террормен күрес және босқындар елдеріне сенімді түрде оралатындай қауіпсіз аймақтар құру жөнінде Түркия басқан қадамдарға қолдау беруін күткендерін білдірді.

Ердоған АҚШ Сауда министрі Вилбур Росс басшылығындағы АҚШ делегациясын президенттік сарайда қабылдады.

Ердоған осында жасаған баяндамада «Досым АҚШ президенті Дональд Трамппен Еркін сауда келісімі келіссөздерін бастау тақырыбын күн тәртібімізге алдық. Осы тақырыпта жауапты министрлеріміз жақын арада жұмыстарын бастайды» деді.

АҚШ-тық инвесторларға шақыру тастаған Ердоған одан көп АҚШ фирмасының елімізге инвестиция салуын қалаймыз. Елімізге келген әрбір АҚШ-тық инвесторға қажетті қолдауды беруге дайынбыз» деді.

Сириядағы соңғы жағдайға назар аударған Ердоған «Еліміздің Сириядан келетін жаңа бір көш толқынын қарсы алуы мүмкін емес. Қазір әрі еліміздің, әрі аймағымыздың, әрі сириялық босқындардың ең үлкен кедергісі  - бөлшектеуші террор ұйымы PKK және оның тармағы YPG сияқты террор ұйымдары. Этникалық қырғын жасаған, аймақ халқын көшуге мәжбүрлеген, түрік азаматтарының мүліктері мен жанына қауіп төндірген осы құрылымды міндетті түрде залалсыздандыруға тиістіміз. 50 мыңға жуық жүк көлігімен осындағы террор ұйымына көлік пен жабдық тасымалдануы бізді қатты мазалауда. АҚШ-тың террормен күрес және босқындар елдеріне сенімді түрде оралатындай қауіпсіз аймақтар құру жөнінде Түркия басқан қадамдарға қолдау беруін күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар