"Орманның күлін көрсетеміз"

Білім беру министрі оқушылармен бірге көшет отырғызады.

1260843
"Орманның күлін көрсетеміз"

Түркияның Ұлттық білім беру министрі Зия Селчук оқушыларға орманның маңыздылығын түсіндіру керектігін атап көрсетті.  Ол орман байлығының жоғалып кеткеннен кейін емес,  қолда барда қадірін білуді үйрету керектігін айтты.

«Оқу жылы басталмай тұрып, біз оқушыларға орманның күлін көрсетеміз» деді ол.

Министр Селчук Instagram-да Измирдің Қарабағлар ауданындағы орман өрті туралы фотосуреттер жариялады.

Балаларға табиғат, климат, оттегі, ағаштың тамыры, бұтақ, пайдалары, орман, тіршілік ету орны, топырақ және көшеттер туралы айтып бергендерін баса көрсеткен министр: «Жақсы түсініп, бойларына сіңіру үшін көшет отырғызамыз, орманға барамыз. Бірақ бізде орманнан айрылып қалғаннан кейін емес,  қолда барда қадірін білуге байланысты үлкен жетіспеушілік бар. Сондықтан біз оқу жылы басталмай тұрып алдымен орманның күлін көрсетеміз. Бара алмағандарға суреттерін көрсетеміз.  Бейнетаспаларын көрсетеміз. Содан кейін балалармен бірге көшет отырғызамыз. Осындай эмоциямен отырғызылған көшеттер де жақсы өседі, балалардың санасындағы мәлімет те сақталады» деді.

 «Измирдегі өртте әрбір ағаш,  әр ағаштың әрбір жапырағы үшін қиналдық» деді министр.



Ұқсас жаңалықтар