Пәкістан Түркиямен авиация саласындағы қатынастарын нығайтады

Пәкістан Авиация министрі Гулам Сарвар Хан түрік елшісімен кездесті.

1260651
Пәкістан Түркиямен авиация саласындағы қатынастарын нығайтады

Пәкістан Түркиямен авиация саласындағы қатынастарын нығайтатынын білдірді.

Пәкістан федералдық Авиация министрі Гулам Сарвар Хан Түркияның Пәкістандағы өкілетті елшісі Ихсан Мұстафа Юрдакулмен кездесті.  Артынан әлеуметтік желіде жазба жариялап, Пәкістан және Түркияның авиация саласындағы өзара ынтымақтастығын арттыратындарын жазды.

Хан жазбасында екі бауырлас елдің авиация саласында екі жақты қатынастарды жетілдіру тақырыбында келіскендерін білдірді.

Кездесуден кейін Пәкістан Авиация министрлігінің хабарламасында да елші Юрдакулдың елінің Пәкістанмен қатынастарды жетілдіру тақырыбындағы табандылығын атап көрсеткені айтылды.

Түркия мен Пәкістан арасында бірінші рет 1972 жылы авиация келісіміне қол қойылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар