Асад режим күштері түрік конвойына шабуыл жасады

Соғыс ұшақтарының бомбалауында 3 адам қаза тапты, 12 адам жарақат алды.

1255403
Асад режим күштері түрік конвойына шабуыл жасады

Асад режим күштері Түрік Қарулы күштері конвойына шабуыл жасады.

Соғыс ұшақтарының бомбалауында 3 адам қаза тапты, 12 адам жарақат алды.

Идлиб келісімін бұзған режим армиясының ілгерілеуіне орай Түрік Қарулы күштеріне тиесілі қадағалау пунктеріне қосымша жасақтар жіберілген еді.

Режим күштері алдымен әскери конвойдың Рейханлыдан Сирияға кіруін тосуға тырысты. Одан кейін 9 нөмірлі қадағалау пунктінің маңында түрік конвойына шабуыл жасады.

Шабуылды Түркия қатал түрде айыптады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Келісімге және Ресеймен ынтымақтастыққа қайшы шабуылды қатал түрде айыптаймыз» делінді. 

Заңды қорғау құқықтың қорғалатыны білдіріліп, шабуылдың қайталанбауы үшін шаралардың жасалуы жөнінде ескерту жасалды.

АҚШ Мемлекеттік хатшылығы мәлімдемешісі Морган Ортагус та бір мәлімдеме жасап, шабуылды айыптады.

 



Ұқсас жаңалықтар