Ердоған Украина Президенті Зеленскийді ресми салтанатпен қарсы алды

Президент Ердоған екі екі ел арасындағы сауда көлемінің 10 миллиард долларға  жететінін жариялады.

1249982
Ердоған  Украина  Президенті  Зеленскийді  ресми салтанатпен қарсы алды

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен сәуір айында сайланған Украина жаңа президенті Владимир Зеленскийді Бештепеде ресми салтанатпен қарсы алды.

Екі лидер оңаша кездесу өткізгеннен кейін, делегациялар арасы кездесуге төрағалық жасады. Одан кейін екі лидер Түркия ғарыш агенттігі мен Украина мемлекеттік ғарыш агенттігі арасындғы ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Президент Ердоған екі екі ел арасындағы сауда көлемінің 10 миллиард долларға  жететінін жариялады. Украина Президенті Зеленский де түрік іскерлерін Украинаға шақырды.

Президент Ердоған Түркияның Қырым татарларына деген қолдауын Украина президентін күтіп алған кезде тағы бір мәрте қайталады. Ердоған «Бауырластарымыздың негізгі құқығы мен еркіндіктерін кепілдікке аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар