Ибрахим Ерен: «Халқымыз TRT-нің жаңалықтарының барлығына сенеді” деді
Ибрахим Ерен Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының V Жаһандық Хабар форумына қатысты.
Түркия телерадио корпорациясының (TRT) бас директоры Ибрахим Ерен: «Халқымыз TRT-нің жаңалықтарының барлығына сенеді” деді.
Ибрахим Ерен Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) ең маңызды организацияларының бірі V Жаһандық Хабар форумына қатысты.
ABU-ның төраға орынбасарлығын атқарған Ерен форумның 35 елден 120-дан астам қонақпен өткізілгенін білдірді. Ерен биылғы форумның тақырыбының «Хабар таратуда сенім және шындық» екеніне назар аударып, былай деді: «Қоғамдық хабар таратушы ретінде және негізгі медиа құралы ретінде сенім – бүгінгі күнгі ең үлкен проблемалардың бірі. Себебі көрермендерге жететін миллиондаған хабар көзі бар, әлеуметтік желі арқылы жүздеген хабар көреді күн сайын. Халықаралық салада «fake news » деп аталатын жалған хабарлар көп тарады. Бұл негізінде біз секілді қоғамдық хабар таратушылардың және негізгі медиа құралдарының жауапкершілігін тағы бір рет арттыра түседі».
TRT Haber телеарнасының бір жылдан астам уақыттан бері рейтингтердің ең басында орын алғанын білдірген Ерен: «Халқымыз TRT-нің жаңалықтарының барлығына сенеді. TRT ретінде біздің мақсатымыз көрерменге әрқашан дұрыс хабар беру, берген хабарларымызды тексеру және хабарда қате мәлімет болмауына назар аудару. Күніне жүздеген, аптасына мыңдаған жаңа хабар жариялаймыз. Осы хабарлардың барлығын тексеріп отыру шыныменен де өте қиын» деді.
Ерен көрермендердің жаңалықтарды жылдам тұтынғанын тілге тиек етіп: «Жаңалықтар дереу ескіреді, жаңасын білгісі келеді. Бұл да бізді әдеуір қинайды» деді.
TRT бас диреторы Ибрахим Ерен «Соңғы оқиғаларда мынаны көрдік: тілші болу, хабар тарату сенімді хабар көзі болу – өте маңызды. Көрерменнің хабар көздерін қайта таңдауы және бұлардың арасынан сенімділерін анықтап, олардан келген мәліметтердің расталған деректер болғанына көнгеннен кейін ғана қабылдауы керек деп сенемін» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Германия канцлері Олаф Шольц Түркияға келеді
Бұл туралы Германия үкіметі баспасөз хатшысының орынбасары Вольфганг Бюхнер мәлімдеді.
«Оруч Рейс» Суэц каналынан өтіп, Сомалиге бағыт алды»
Министр Байрактар «Х» әлеуметтік желі парақшасында «Оруч рейс» кемесіне байланысты жазба бөлісті.