Мәжіліс төрағасы Моңғолстанда

Ресми сапармен Моңғолстанға барған Шентоп Моңғолстан Парламент басшысы Гомбожа Занданшатармен кездесті.

1244193
Мәжіліс төрағасы Моңғолстанда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Еуропа ортасынан Жапонияға дейін созылатын желі бойындағы елдер арасында парламенттік ассамблея қалыптастыру үшін жұмыстанғандарын айтты.

Ресми сапармен Моңғолстанға барған Шентоп Моңғолстан Парламент басшысы Гомбожа Занданшатармен кездесті.

Кездесуде Шентоп: «Тарихтағы ең байырғы түрік жазбасы Орхун ескерткіштері орналасқан Моңғолстан -  ата жұртымыз» деді.

Ол парламенттер арасындағы ынтымақтастықтың өткен жылғы хаттама шеңберінде жүргізілетінін айтып,  өзара туристік сапарларда визасыз саяхаттауды 30 күннен 90 күнге арттыруды ұсынды.

Фетуллахшы террор ұйымының барлық елдер үшін қауіп екенін атап көрсеткен мәжіліс төрағасы «Моңғолстандағы ФЕТО террористтерін тек Түркия емес,  Моңғолстан үшін де қауіп деп санаймыз» деді.

Мәжіліс төрағасы кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында да Түрік Әуе жолдарының күнделікті тікелей рейсі қамдалғаннан кейін түрік инвесторларының егіншілік,  мал шаруашылығы,  кен, медицина,  энергия секілді салаларға инвестиция салу үшін Моңғолстанға баруының жеңілдейтінін тілге тиек етті.

Моңғолстан парламент басшысы Занданшатар да Моңғолстанның Түркиямен қарым-қатынастарды жетілдіруді әрқашан қалайтынын айтты. Ол экономика және әсіресе туризм саласындағы ынтымақтастық үшін қадам басқысы келетіндерін білдірді. Ол ФЕТО жөніндегі ескертулерді назарға алатындарын айтып, «Моңғолстандағы осы мектерге қарсы біз де қолымыздан келгенді істеудеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар