Түркия Сомалидегі террор шабуылын айыптады

Түркия Сомалидің бас қаласы Могадишода жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

1240444
Түркия Сомалидегі террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі Могадишода кеше азанғы уақытта көптеген адамның қаза тауып, жарақат алуына себеп болған террор шабуылын айыптады.

Мәлімдемеде «Шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, жаралыларға жедел шипа тілейміз. Бауырлас Сомали үкіметі мен халқына көңіл айтамыз» делінді.

Бас қаладағы бомбалы шабуылда 10 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған болатын.

Шабуылдың жауапкершілігін Аш-Шабаб террор ұйымы мойындаған еді.



Ұқсас жаңалықтар