ТҰҰМ Еуроодаққа наразылық көрсетті

Еуропа Одағының Шығыс Жерорта теңізіне байланысты санкция шешіміне Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі наразылық көрсетті.

ТҰҰМ Еуроодаққа наразылық көрсетті

Еуропа Одағының Шығыс Жерорта теңізіне байланысты санкция шешіміне Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі наразылық көрсетті.

Ортақ мәлімдемеде "Кипр Түркінің және Түркия Республикасының құқығы мен мүддесіне елеусіз қарауды айыптаймыз" делінді.

Әділет және даму партиясы, Республикалық Халық партиясы, Ұлтшыл қозғалыс партиясы және Жақсы партия толық қол қойған ортақ мәлімдемені топтың төраға өкілі оқыды.

Мәлімдемеде Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Шығыс Жерорта теңізінде мұнай іздеудің табиғи құқығы екені дәріптелді.

Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ешқандай қысымға бас имей халықаралық құқықтан туындаған заңды құқын қорғайтын құдыретке ие екені білдірілді.

Санкциялардың құқыққа қайшы екені және қабыл алынбайтыны білдірілген ортақ мәлімдемеде Еуропа Одағына әділ және тарапсыз тұғыр көрсетуге шақыру тасталды.

Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде мұнай барлау жұмысына қолдау берілгені дәріптелген мәлімдемеде:

"Ортақ тұғырымызды батылдықпен жалғастырамыз" деп баса көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар