Өмер Челик Еуропа Одағын айыптады

Өмер Челик  баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, күн тәртіпке байланысты мәлімдемелер жасады.

Өмер Челик Еуропа Одағын айыптады

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик Еуропа Одағының Фетуллахшы террористік ұйымның 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін атын атап айыптаудан қашуындағы күдіктің барған сайын артып отырғанын айтты.

Өмер Челик  баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, күн тәртіпке байланысты мәлімдемелер жасады.

Мәлімдемеде Еуропа Одағының төңкеріс әрекетіне көзқарасын айыптаған Челик:

"Президент Режеп Тайып Ердоғанды нысанаға алу қастандық. Үш жыл өткеніне қарамай Еуроодақ әлі атын атап төңкеріске ұмтылғандарды айыптамады. Еуроодақтың 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін атын атап айыптаудан қашуындағы күдіктер барған сайын артып отыр" деді.

Мәлімдемеші Челик:

"Мысырда әрқандай бір топ демократиялық жолмен билікке келсе қолдаймыз. Біз Түркия Республикасы заңына сай құрылған бір саяси ұйымбыз. Мысырдағы сезімталдығымызды Венеуэлада Николас Мадуро үкіметі үшін де көрсетудеміз" деді.

Өмер Челик Еуропа Одағының Түркияға санкция шешіміне байланысты:

"Көрсеткен тұғырлары Кипрдегі бөлінуді тереңдеткеннен басқа іске жарамайды.  Аталмыш санкциялардың Түркияға ешқандай әсері тимейді" деп көрсетті.

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик:

"Фатих атты кемеміз бен Яуыз кемеміз міндетін жалғастырады. Шығыс Жерорта теңізінде құрлық алаңымыз ішіндегі егемендік құқығымызды қорғауды жалғастырамыз" деді.

Өмер Челик Нигериядағы 10 түрік теңізшіге байланысты Сыртқы істер министрлігі мен хабар алу ұйымдарының жұмыстанып жатқанын айтты. 



Ұқсас жаңалықтар