Чавушоғлұ S-400 жайлы мәлімдеме жасады

Түркияның Ресейден алған S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің тасымалдау жұмыстары жалғасуда.

Чавушоғлұ S-400 жайлы мәлімдеме жасады

Чавушоғлұ S-400 жайлы мәлімдеме жасады.

Түркияның Ресейден алған S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің тасымалдау жұмыстары жалғасуда.

Ресейден алынған S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің бөлшектерін тасымалдаған ұшақтар Анкараға келуде. Жүйенің радар бөлшегі тапсырып алынды.

Македония сапары барысында журналисттердің сұрақтарына жауап берген Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның тәуелсіз бір ел екенін және қорғаныс жүйесін бір шабуыл үшін емес, мұқтаж болғаны үшін алғанын түсіндірді. Сонымен қатар жүйенің түбегейлі түрде Түркияның бақылауында болатынын атап өтті. Министр «Орынсыз дау-дамай шығарудың  қажеті жоқ» деді.

S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің Түркияға тасымалдауы үш сатыда тамамдалады. Жүйенің бөлшектерін  бірлестірілгеннен кейін орналастырылатын жерге апарылады. Осы жылдың аяғына дейін бір бөлімі тамамдалады. Келесі жылы сәуір айында іске қосылуға дайын болады.



Ұқсас жаңалықтар