Чавушоғлу әріптестерімен телефонда әңгімелесті

Чавушоғлу Еуроодақ Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаттары жоғарғы өкілі Федерика Могеринимен телефонда сөйлесті.

1236106
Чавушоғлу әріптестерімен телефонда әңгімелесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаттары жоғарғы өкілі Федерика Могеринимен телефонда сөйлесті.

Дипломатиялық хабар көздерінің білдіруіне қарағанда Чавушоғлу мен Моргерини телефондағы әңгімеде Шығыс Жерорта теңізіндегі мұнай бұрғылау тақырыбын талқылаған.

Министр Чавушоғлу аталмыш тақырыпта жексембі күні Финландияның Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто және Швеция Сыртқы істер министрі Маргот Уалстроммен, жұма күні де әріптестері словак Мирослав Лажак, қырғыз Шыңғыс Айдарбеков, словен Миро Керар, румен Теодар Виорель Мелешкану және малталық Кармела Абела қатарлылармен телефонда әңгімелесті.



Ұқсас жаңалықтар